Жаңалықтар

❤️ ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ! ❤️
«Отбасы» күніне орай мектебімізде оқушылар арасында «Отбасы – мейірім мекені» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен махаббаттың, қамқорлық пен жылулықтың ордасы. ❤️
Байқауға қатысқан оқушылар өз суреттері арқылы отбасының татулығын, ата-анаға деген сүйіспеншілігін, бауырмалдық пен сыйластықты бейнеледі.
Әрбір суретте балалық жүректің таза сезімі, отбасына деген ыстық ықыласы мен әдемі арманы көрініс тапты.
Отбасы – бақыттың бастауы, мейірімнің мекені! 🥰
🌱 Онкүндік – 2-күн: «Өзіңе қамқор бол» атты жүрекжады сұхбат пен қолдау тренингі
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған онкүндігіміз мазмұнды кездесулермен жалғасуда!
Алдыңғы қадамдарымызда буллингтің алдын алып, қауіпсіз орта құру жолдарын талқыласақ, бүгінгі күн ерекше форматта — «Өзіңе қамқор бол» атты ашық әрі жылы шырайлы сұхбат пен қолдау тренингі ретінде өтті.
Басқосу барысында қатысушылар ортаға жиналып, сыртқы қысым мен қиындықтарға қарсы тұру үшін ең алдымен жан дүниемізге, өз-өзімізге қамқор болу қаншалықты маңызды екенін жан-жақты талқылады. Өйткені ішкі ресурсы мықты, өзін құрметтей білетін адам ғана өзгеге шынайы қолдау көрсете алады.
Кездесу соңында бір-бірімізге жылы лебіздер мен эмпатия сыйлап, психологиялық амандықты сақтаудың жолдарын тәжірибе жүзінде пысықтадық. Психикалық денсаулық — өзара түсіністік пен өзіңді аялай білуден басталады! ✨
 
Жаңалықтар
📚 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
📅 2026 жылғы 23 қыркүйек күні 5–6 сынып оқушылары арасында «Мектеп оқушысының міндеттері мен жауапкершілігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🎯 Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға мектептегі тәртіп ережелерін сақтау, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау, ұстаздар мен қатарластарына құрметпен қарау, мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану және өз іс-әрекетіне жауап бере білу дағдыларын қалыптастыру.
👨‍🏫 Түсіндіру жұмыстарын «Ұлағат ұлдар кеңесінің» жетекшісі Талғатұлы Айберген жүргізіп, оқушыларға мектеп оқушысына қойылатын талаптар, сабаққа уақытылы қатысу, мектеп формасын сақтау, ішкі тәртіп ережелерін орындау, қоғамдық ортадағы әдептілік пен жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.
💬 Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар тәртіп пен жауапкершіліктің оқушы өміріндегі маңызына ерекше тоқталып, әрбір оқушы өз міндетін адал орындау арқылы мектептің қоғамдық өміріне оң үлес қоса алатыны айтылды.
🌟 Тәртіп бар жерде – талап бар,
Талап бар жерде – жауапкершілік бар!

 
**«ДАНАЛЫҚ ҰСТАЗДАН» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Ұстаздың әрбір айтқан сөзі – шәкірт жүрегінде сақталған өмірлік өнеге.
«Даналық ұстаздан» челленджі аясында шәкірттер өз ұстаздарынан естіген тағылымды, мағыналы әрі өмірге бағыт берер даналық сөздерін айтып, ұстаздарының ұлағатын дәріптейді.
Ұстаздың ақыл-кеңесі – шәкіртке жол көрсететін шамшырақ.
Ұстаздан алған өнеге – өмір бойы жүректе сақталады.
Ұстаздан – даналық,
Шәкірттен – құрмет!
#МаңғыстауАудандықБілімБөлімі
#МаңғыстауАудандықОқуӘдістемелікОрталығы
#МаңғыстауОблыстықбасқармасы
#ДаналықҰстаздан
#ҰстазҰлағаты
#ҰстазданӨнеге
#ШәкіртАлғысы
#ҰстазғаҚұрмет
#ҰстаздарМерекесі
 
https://www.facebook.com/share/r/1CSd4goE9E/
https://www.facebook.com/share/r/19sdhW7Pkr/

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан акция аясында «КаспийЦемент» ЖШС-нің қолдауымен әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан 6 оқушыға, сондай-ақ Әділет партиясының «Біз мектепке барамыз» жобасы аясында “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының қолдауымен 5 оқушыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері табысталды.
Сонымен қатар, қайырымдылық шарасына атсалысып, балаларға қолдау көрсеткен бірқатар жас кәсіпкерлер де өз көмектерін көрсетті. Ізгі ниетпен жасалған бұл көмекті көрсеткен азаматтар есімдерін жарияламауды жөн көрді.
Жақсылықтың үлкен-кішісі жоқ. Шынайы жанашырлық пен ізгі ниеттен жасалған әрбір көмек – балаға көрсетілген қамқорлық. Балалардың білім алуына қолдау білдіріп, игі іске үлес қосқан барша демеушілер мен жас кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Қайырымдылық пен қамқорлықты серік еткен осындай игі бастамалар көпке үлгі болып, жалғасын таба берсін!
 
 
11.09.2026ж Мектебімізде 🌟 Орта буынға қадам: 5-сыныптарды психологиялық қолдау 🌟
Бастауыштан орта буынға өту — әрбір оқушы үшін үлкен белес! 🏫✨
Бүгін мектебімізде 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға тез әрі жеңіл бейімделуіне арналған «Біз бір командамыз» атты топтық түзету-дамыту тренингі өтті.
🤝 Тренинг барысында оқушылар:
• Сыныптастарымен жаңаша танысып, топтаса түсті;
• Ішкі үрей мен мазасыздануды жеңу жолдарын үйренді;
• Тыныс алу және релаксация жаттығулары арқылы сергіп қайтты.
Оқушыларымызға жаңа оқу жылында сәттілік пен шыңдарды бағындыруды тілейміз!
 
Жаңалықтар
10.09.2026жыл Мектебімізде 🌟 1-сыныптың мектеп өміріне алғашқы қадамдары! 🌟
Мектепке бейімделу кезеңін жеңілдету мен оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту бағытында бүлдіршіндерімізбен нейрожаттығулар өткізілді. 🧠💡
Бұл жаттығулар бірінші сынып оқушыларының ортаға бой үйретуіне, жаңа ережелерді оңай қабылдауына және сабақ кезінде сергек отыруына үлкен көмек береді.
Бүлдіршіндер тапсырмаларды жоғары белсенділікпен орындап, мектепке деген қызығушылықтарын арттыра түсті! 🚀💫
 
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🇰🇿
✨ Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы – әр білім ордасы үшін ерекше қуаныш пен толағай үмітке толы айтулы күн!
Мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты мерекелік жиын өтті.
📚 Жиын барысында білімнің адам өміріндегі маңызы, ел болашағын қалыптастырудағы жас ұрпақтың рөлі, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылды.
Салтанатты шарамызға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы Алтынғалиев және Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығының» әдіскері Фариза Ақтанова арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларға жүрекжарды ізгі тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
🌸 Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше есте қаларлық сәттерге толы болды. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы оқу жылының алғашқы қадамы жасалды.
🔔 Алғашқы қоңырау сыңғырлап, жаңа оқу жылына жол ашты!
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарымызға шығармашылық табыс, толағай жетістік, ал оқушыларымызға биік білім шыңдарын бағындыруды нәсіп етсін!
📖 Білімді ұрпақ – ел болашағы!
🇰🇿 Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы құтты, берекелі әрі жемісті болсын! 💐
 
 
 
ЖАҚСЫЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІ НИЕТ.
Қайырымдылық пен қамқорлықты серік еткен игі істер жаңа оқу жылы қарсаңында да жалғасын тауып, көмекке мұқтаж отбасыларға қуаныш сыйлады. Мектебіміздің оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер Тасимова Шынар Сырымқызы білім ордамыздың әлеуметтік бастамаларына осы уақытқа дейін де тұрақты түрде қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларына белсенді атсалысып келеді. Биылғы оқу жылында да кәсіпкердің игі бастамасы жалғасын тауып, әлеуметтік санаттағы 5 отбасыға қаржылай көмек көрсетті. Көрсетілген жанашырлық пен демеушілік көмек – отбасылар үшін үлкен демеу, ал балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастауына жасалған қамқорлықтың жарқын үлгісі.
Жақсылық жасау – жүректің жылуын бөлісу. Ал сол жылуды өзгеге сыйлаған жанның ізгі ісі ешқашан елеусіз қалмайды.
Мектеп ұжымы атынан Тасимова Шынар Сырымқызына балаларға деген жанашырлығы, әлеуметтік жауапкершілігі және мектебімізге ұдайы көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Игі бастамаңызға береке, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!
Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырамыз!

«Жаңа оқу жылына-таза мектеп» акциясы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ»КММ-сінде мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.
Мақсаты: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау.
Сенбілік кезінде мектеп кабинеттеріне тазалық жұмыстары жүргізілді және мектеп ауласы шөптерден тазартылды. Сенбілік жұмыстары жыл бойы жалғастырыла бермек.
Тазалықты әрқайсымыз өзімізден , өз мекемізден бастайық, достар!
Ақтаудағы «Жасыл ел» жастар жасағының бірінші легіне 250 жас жұмылдырылды
Жасақтың алғашқы легіне 250 жас жұмылдырылды. Бірінші лектің өзінде 8 топ, әрқайсының құрамында 30-31 жастан. Қаланы көгалдандыруға атсалысып жүрген жастардың ең кішісі – 14 жаста.
 
«Жасыл ел»: Ақтауда екі маусым бойынша 500-ге жуық жас тазалық жұмыстарын жүргізуде
Ақтауда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жұмысы қарқынды жалғасуда. Биыл екі маусым аясында 500-ге жуық жас қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартылған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Жоба жастарды еңбекке баулуға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған. Қазіргі таңда Ақтау қаласының әртүрлі шағынаудандарында сегіз топ жұмыс жүргізуде.
«Жасыл Ел» еңбек жасағының 7-топ жетекшісі Серікхан Сәрсенбековтің айтуынша, жастар қала тазалығы мен абанттандырылуына өз үлесін қосып жатыр.
-Маусым айынан бастап шілде айына дейін екі ай бойы маусымымыз жүреді. Мақсатымыз – жастарды еңбекке баулу, еліміз бен қаламыздың тазалығын сақтап, абаттандыру жұмыстарына атсалысу. Қаламызға өз пайдамызды тигізу. Екі маусымға 500-дей бала алынды. Әр айда 8 топ жұмыс жасап жатыр. Олар қаланың әр ықшам ауданында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қазір бірінші маусым аясында Ботаникалық саябақтағы жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар Мәңгілік алау аумағында және 7-шағынауданда жұмыс жүргізілді. Басқа топтар 4-шағынаудандағы Тарас Шевченко саябағында, 19, 19А, 26, 27, 32, 33 және 34-шағынаудандарда абаттандыру жұмыстарын атқаруда. Әр топта 30-32 жас қамтылған. Жобаға 14 жастан бастап жастар қабылданды. Балаларды іріктеу нақты ережелерге сәйкес жүргізіледі, — деді Серікхан Сәрсенбеков.
Айта кетейік, «Жасыл Ел» еңбек жасағы жазғы маусымда жастарды уақытша жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
⚜️Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған инвестициялық ұсыныстар мен азаматтардың жеке деректерін заңсыз иемденуге байланысты.
📌Қоғамдық коммуникация орталығы
 
 
📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін!
 

https://www.facebook.com/share/r/14dHcbbermT/

https://www.facebook.com/share/v/1GEJa5Z5xW/

https://www.facebook.com/share/r/18VH3KFTPr/

https://www.facebook.com/share/r/1EwSySEa45/

https://www.facebook.com/share/r/1Tb65CHmKY/

https://www.facebook.com/share/r/1GZBVgXjRX/

https://www.facebook.com/share/v/1BNCmDJbya/

https://www.facebook.com/share/r/18bk1y4Hin/

https://www.facebook.com/share/r/1DayAG86LM/

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай » Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ана-асыл әнім» тақырыбымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – аналар қауымына құрмет көрсету, аналар мен ұстаздардың қоғамдағы және отбасы тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу, оқушыларды ізгілікке, сыйластыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Мерекелік бағдарлама аясында ұстаздар қауымына ұл балалардан дайындалған хор «Анаға сәлем» әні жолданып, ансамблдің орындауында күй, оқушылардың жүрекжарды өлеңдері оқылып, ән айтылып, көрініс көрсетіліп, ұстаздар құрамынан құрылған жігіттер тобытілектерін әнмен жеткізіп, көрермен аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар мерекеге арналған құттықтау сөздер айтылып, аяулы жандарға алғыс білдірілді. Мерекелік кеш жылы лебіздер мен шаттыққа толы мерекелік дастарханмен жалғасып, қатысушылар ризашылықтарын білдірді.
«Қамқоршылық және сүйіспеншілік» атты ашық есік күнін ұйымдастыру
20 қараша-Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндікті ұйымдастыру жоспары негізінде қараша айының 20-сы күні»Қамқорлық және сүйіспеншілік» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналар мен балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және балаларды тәрбиелеу, дамыту.
Мектеп психологы-Өтесінова Н. ата-аналарға және балаларға буллингтің, зорлық-зомбылықтың, әлімжеттіктің алдын алу тренингтерін өткізді.
Тұмау, жедел респираторлық вирустуқ инфекциялардың алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу
Тұмау-бұл кез-келген адамның жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауруы. Қазіргі кезде респираторлық вирустық инфекциялар өршіп, ұлғая түсуде.
Тұмау, жедел респираторлық вирустуқ инфекциялардың алдын алу мақсатында мектебіміздің медбикесі-М.Аженова 1-інші және 2-інші ауысымда оқитын оқушыларға түсінік жұмысынын жүргізді.
Оқушылардың жеке бас гигинасын сақтауы, таза ауада көп болу. сұйықтықты көп ішу, құнарсыз фас-фуд өнімдеріне әуес болмай үйде дайындалған сорпа-астарын ішу, үнемі жылы жүру, сынып кабинетінде терезелерді ашып ұстау, күн сәулесін түсіріп қою және ауырған жағдайда дәрігерге міндетті қаралу керектігі түсіндірілді.
Тұмау ауруынан сақ болайық!
Жаңалықтар
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»
«Адал азамат біртұтас тәрбие бағыты» аясында 2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жоспарының іс-шара жоспары бойынша»Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»: тақырыбымен үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақыты «Асық», «Бес тас» ойын түрлерінде ұйымдастырылады.
 
Жұма – тек апта соңын емес, тазалық пен тәртіпті бастайтын күн. Осы күні сыныпта тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, әр оқушы өз орнын, партасын, сынып ішін ретке келтіруге ат салысады.
Сынып тазалығы – бәрімізге ортақ міндет. Таза, жарық, жинақы сыныпта оқу – көңіл-күйді көтеріп, білім алуға ынта тудырады. «Тазалық – саулық негізі» дегендей, тазалыққа деген жауапкершілік – тәртіп пен мәдениеттіліктің белгісі.
Таза сынып – жарқын болашаққа!
7 а сынып оқушылары.Сынып жетекшісі: Сағатова Жұлдыз
 
Тақырыбы: «Жалған терроризм – ауыр қылмыс»
2025 жылдың 4-желтоқсан күні 7 «А» сыныбында «Жалған терроризм – ауыр қылмыс» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға терроризм мен жалған хабарламаның қоғамға тигізетін қауіпін түсіндіру, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен таныстыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Сабақ барысында оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, бейнеролик көрсетілді. ҚР ҚК 273-бабы бойынша жалған терроризм әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, «егер сен осындай жағдайға тап болсаң…» деген жағдаяттарды талқылады.
Сабақтың соңында оқушылардан рефлексия алынып, қауіпсіздік ережелері мен қоғамдағы жеке жауапкершілік туралы қорытынды жасалды.
Қорытынды: Оқушылар сабаққа белсене қатысты, өз пікірлерін ашық білдіріп, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің маңызын түсінді.
Сынып жетекшісі: Сағатова Жұлдыз
 
Тақырыбы:»Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:
– Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау;
– Оқушылардың көркем сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту;
– Абай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: 3, 4, 5-сынып оқушылары
– Абай өлеңдерін жатқа, көркем мәнерлеп оқу;
– Ақын туралы қысқаша мәліметтер беру;
– Қазылар алқасының бағалауы;
– Жеңімпаздарды марапаттау.
Іс-шара барысында жеңімпаздарды дипломмен марапаттады.
Ұйымдастырушы педагог: Әлібаева Тоғжан
 
 
16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні
16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күніне орай 9 «ә» сынып жетекшісі-А.Советұлы сынып оқушыларына «16 қараша-Халықаралық төзімділік (толеранттылық) күні» атты зияткерлік сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанды мекендейтін ұлттарды құрметтей білуге, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, ұлттар арасындағытатулықты, бірлікті, бейбітшілікті сақтау маңызды екенін айта келе, сынып жетекшісі сыныбын топтарға бөліп, әр топқа атау беріп, толеранттылық ұғымын ашатын әр түрлі сұрақтар беру арқылы зияткерлік сайыстың тақырыбын аша білді.
Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз командалар анықталып марапатталды. Сынып жетекшісі оқушыларына ризашылығын білдіріп, әр топқа өзі дайындаған шоколадтарын үлестірді.
«Жан дүниеміз жарқын болсын!» психологиялық онкүндігінің ашылуы
Онкүндік аясындағы 1-күн – «Жарқын жан – жарқын өмір» күні ұйымдастырылды.
Күннің ұраны: «Көңілің жарқын болса – өмірің мәнді».
Іс-шара барысында 6-сынып оқушыларына позитивті ойлаудың, көңіл күйді реттеудің маңыздылығы туралы қысқаша мағлұмат берілді.
Практикалық бөлімде оқушылар «Көңіл күй ағашы» жаттығуына қатысып, ағаштың суретін салып, өз көңіл күйін смайликтер арқылы бояп, ортақ ағашқа жапсырды.
Жаттығу оқушылардың эмоциялық жағдайын анықтауға, өз сезімдерін түсінуге және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
 
«Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны»
Қазіргі заманғы тамақтану проблемаларының бірі-фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындарға деген шамадан тыс құмарлық. Олар сауда желісінде өте көп сатылатындықтан жасөспірімдер, жастар бұл өнімдерге өте әуес.
«Саламатты мектеп» жобасы аясында мектеп медбикесі Аженова Маржан мектеп оқушыларына «Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны» тақырыбымен дәріс оқып, түсінік жұмысын жүргізді.
Мақсаты: фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың адам организмі үшін зияны туралы ақпараттар беру және балалардың ағзасының өміріне қажетті пайдалы тағамдармен қамтамасыз ету туралы түсіндіру.
Мектеп медбикесі оқушыларға жан-жақты «Фаст фуд өнімдері мен газдалған сусындардың зияны» туралы ақпараттар беріп, түсіндіріп өтті.
Жаңалықтар
«Жан дүниеміз жарқын болсын!» психологиялық онкүндігі
2-күн – «Өмір – ең қымбат сый» күні
Күннің ұраны: «Өмірді бағалай біл!»
Онкүндік аясында бүгін ерекше білімді қажет ететін оқушылармен логопед және дефектолог мамандарының қатысуымен түзете-дамыту сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сөйлеу, танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
2025 жылдың 4 қараша күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте директордың оқу жөніндегі орынбасары, кәсіби бағдар беру педагогы, сынып жетекшінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста бітіруші сыныптың оқу үлгерімі, 1 тоқсан қорытындысы, ҰБТ-ға дайындығы туралы айтылды. Сондай -ақ ата-аналардан психологтың жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтар жөнінде сауалнама алынып, талқыланды.
 
 
15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні
14 қараша күні «Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-сінің 8 «а» сынып жетекшісі-Ж.Оспанғалиева сынып оқушыларына «15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні» тақырыбымен зияткерлік сайыс өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық валюта-теңгенің тарихы мен маңызын білу, білімдерін тереңдету, қаржылық сауаттылыққа үйрету.
Оқушылар сайыс барысында «Теңге», «Сом», «Динар» топтарына бөлініп, бірнеше бөлімнен тұратын түрлі зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы келесі 8 «ә», «б» сынып оқушыларынан тағайындалып, сайыс соңында жеңімпаз команда анықталды. Жеңімпаз командаларға дипломдар табысталып, сынып жетекшісінің әзірлеген тәттілері берілді.
15 қараша-Ұлттық валюта-Теңге күні құтты болсын!
«Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні аясындағы онкүндік өз мәресіне жетті. 💚 Жан саулығын сақтай білейік!»
 
🧠 Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған онкүндік
👨👩👧👦 “Стресс және оны жеңу” — ата-аналармен жұмыс аясында түсіндіру жұмысы өткізілді.
Психикалық саулық — отбасы амандығының кепілі 💚
 
Мектебіміздің Мектеп Парламенті сайлауы өз мәресіне жақындап келеді. Дауыс беру процесі баршаңызға ыңғайлы болу үшін мектептің ресми Facebook парақшасында жалғасатын болады.
Онлайн дауыс беру сілтемесі https://www.facebook.com/profile.php?id=100022355473500
2025 жылдың 7 қазан күні Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру педагогы Мырзатаева Гүлшат, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қамысбаева Роза, мектеп психологы Өтесінова Нұршаттың және сынып жетекшісі Султанова Жаннаттың ұйымдастырумен 11-сыныпқа жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты-бітіруші сынып оқушыларының ҰБТ туралы толыққанды түсінік беру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, сонымен қатар мамандық таңдау бойынша бағыт бағдар беру болды.
 
 
Мамандық әлеміне саяхат
„Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында қазан айында 9 сынып оқушылары Маңғыстау аудандық техникалық колледжіне
саяхатқа барды.
Мақсаты:
• 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
• ⁠Оқушылар колледждің мұражайын тамашалап, тарихымен танысты. Одан кейін түрлі мамандықтар бойынша практикалық жұмыстар жүргізілетін бөлімшедегі әртүрлі маман иелерімен жалғастырылып, дәнекерлеу, автомеханик, құрылыс маманы жұмыстарымен таныстырылды.
• ⁠Колледжге саяхат әсіресе ұл балаларға қатты ұнады.
 
 
Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылына арналған “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Күзгі асар” жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бұл игі шараның басты мақсаты: оқушыларды адал еңбекке баулу,еңбектің қадірін ұғындыру,отбасы құндылықтарын дәріптей отырып,үнемшілдікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге әр сынып оқушылары белсене атсалысып,өз қолдарымен дайындалған табиғи өнімдері мен дәмді тағамдарын ұсынды.
Шара оқушылардың шығармашылығын арттырып қана қоймай, еңбекті сүюге, бірлесе әрекет етуге үлкен мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеден түскен қаражат әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыдан шыққан оқушыға киім-кешек алуға жұмсалады.
25 қазан — Республика күніне орай мектебімізде салтанатты түрде 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай “Жас Ұлан” жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Оқушылар ант беріп, Жас Ұлан гимнін шырқады.
“Жас Ұлан” ұйымы — бұл рухты арттырып, білімге, өнерге және ізгілікке жетелейтін орта. Жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарға деген құрмет, нағыз азаматтыққа тәрбиелейтін ұйым.
Жаңалықтар
🇰🇿25 қазан – Республика күні
25 қазан Республика күні мерекесіне орай мектебімізде оқушыларға мерекенің тарихи мәні мен маңызы түсіндіріліп, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Республика күнінің тарихы туралы бейне және аудио материалдар көрсетіліп, Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолындағы маңызды кезеңдер туралы мағлұмат берілді.
Республика күні –Мемлекетіміздің бастауын және егемендік идеясын дәріптейтін мереке;
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының бастауы;
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күн.
Бұл күн – халқымыздың тәуелсіздік пен елдік жолындағы тарихи жетістігін айшықтайтын айрықша мереке. 🇰🇿✨
1 тоқсан қорытындысы бойынша «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында өткізілген ата–аналар жиналысы
️»Берекет Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 тоқсан қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 28 қазан күні «Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы және І тоқсан нәтижесі» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысына Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы-Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы, Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау орган өкілдері- Оразалиев Ержан, Айжанова Ғалия, мектеп инспекторы-Қыдырқызы Асылтас, мектепішілік «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы- Жапарбаев Есен, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы-Жұмаханова Анаргүл, ата-аналар комитетінің мүшелері, кәсіпкер, ата – аналар, мұғалімдер, сынып жетекшілері қатысты.
Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын нығайту, оқушылардың І тоқсандағы оқу жетістіктерін қорытындылау және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру, алдағы кезеңге арналған ортақ іс-қимылды айқындау
Мектеп әкімшілігі І тоқсан нәтижелерімен таныстырып, оқушылардың жетістіктері мен алдағы оқу кезеңіндегі мақсат міндеттерді атап өтті.
Оқушының табысты болуы тек мектептің емес, ата-ананың қолдауына тікелей байланысты екендігі, баланың үйде оқуына көңіл бөлу, дұрыс күн тәртібін қалыптастыру, кітап оқуға баулу үлкен әсер ететіндігі жәйлі айтылып өтті.
Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау орган өкілдері қазіргі таңда ата-ана мұғаліммен бірлесе отырып балалардың тәртібі, қауіпсіздігі, кибермәдениеті және әлеуметтік желіде өзін ұстау мәдениетіне үнемі назар аударып, тығыз байланыста оң нәтиже беретін жұмыстар жүргізіп отыру керектігі айтылды.
Мектепішілік «Қамқоршылық кеңестің» төрағасы- Жапарбаев Есен, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы-Жұмаханова Анаргүл атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде ата-аналарға мәлімет беріп, жұмыстарымен таныстырып өтті.
Жиналыс барысында ата – аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары ескерілді. Сонымен қатар балалардың оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде пікір алмасып, тәрбие мен оқудағы өзара ықпалдастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс соңында Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы-Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы мектеп ата-аналарыменен осымен екінші рет кездесуге келгендігін, балаларының білім мен тәрбие алуда мектеппен байланыста болып жиналысқа келген ата-аналарға өз ризашылығын білдіріп, балалардың болашағы үшін оқу мен тәрбиедегі бірлескен жұмыста қолдау көрсету, одан әрі дамытуда серіктестікке шақырды.
«Берекет Жұмалиев атындағы ЖББМ» КММ-нің мектеп президенті Қалымжан Шапағат 25 қазан- Республика күнімен құттықтады.
 
Жаңалықтар
🔰Жаңалықтар🔰РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АЛТЫН САҚА» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
 
Ағымдағы жылдың 1 қазан күні “Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің 2024-2025 оқу жылында ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті. Қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, аудандық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!💐💐💐💐
Мұғалімдер күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы мен мектеп оқушылары “Дублер” күнін ұйымдастырды. «Дублер күні» пилоттық жобасы аясында олар бір күн ішінде өз ұстаздарының лауазымдық міндеттерін орындады. “Дублер күніне” қатысқан оқушыларымыз дайындықпен келгенін, өздерінің жауапты, креативті екендерін көрсете білді.
 
 
Мектебімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншігін арттыру мақсатында Республикалық «Даналық ұстаздан» челленджі ұйымдастырылды.
 
 

🌞 Жаз-2024: жазғы демалысты қалайша қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге болады?

📖Жаңалықтар📖 Қазақстан Републикасының Оу-ағарту министрлігі балалардың бойында жазғы демалыс мәдениетін қалыптастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың»
Guidebook жинағын әзірледі.
📌 Бұл әдістеме тоғыз бөлімнен тұрады: «Жаз кітаппен бірге», «Сенің қауіпсіз жазың», «Танымдық жаз», «Сенің өмір салтың – салауатты өмір салты», «Жаз – өнердің, шығармашылықтың және сұлулықтың қызықты әлемі», «Жаз – өзін-өзі дамыту уақыты», «Сенің алғашқы жеке күнделігің», «Өз қолыңмен жазғы сыйлық жаса», «Жазғы ойындар». Сондай-ақ мұнда жедел қызметтердің телефон нөмірлері де көрсетілген.
«Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары үшін «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook жинағының үш нұсқасы әзірленді. Оның әрбір парағында QR-кодтар орналастырылған, ол арқылы оқушы сол берілген тақырыптар бойынша ақпарат ала алады. Бұдан басқа мұнда орталық мемлекеттік органдармен бекітілген балаларға арналған жазғы сауықтыру орталықтарының тізімі берілген», — дейді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.
📎 «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» Guidebook-тің электронды нұсқасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ өңірлік білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының ресми сайттарында қолжетімді. Жаз мезгілінде жалпы еліміздегі оқушылардың 92%-ын демалыспен және еңбекпен қамту жоспарлануда.

Фотогалерея

Жаңалықтар