Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жұмыс жоспары бойынша мектепте 5–6 сынып оқушы қыздарының қатысуымен тәрбиелік мәні зор қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты: Қыз балаларға әдептілік пен инабаттылықты, өзін-өзі ұстау мәдениетін, жеке бас тазалығын сақтау, үлкенді сыйлау, құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасау құндылықтарын түсіндіру.
Барысы: Қыз баланың бойындағы сыпайылық, ұқыптылық, жауапкершілік, достық қарым-қатынас, мектеп тәртібін сақтау және өзіне деген құрмет туралы маңызды әңгіме жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Нәтижесі: Оқушы қыздардың өз мәдениетіне, тәртібіне және жауапкершілігіне деген көзқарасын қалыптастыруға, жақсы қарым-қатынас пен жағымды орта құруға бағытталған пайдалы пікір алмасу өтті.
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қағидасын негізге ала отырып, қыздарымыздың бойына ізгілік, инабаттылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.